9273Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен өңірлерде Саяси қуғын- сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі Комиссиясы өз жұмысын бастаған болатын.
Осы күндері Қазақстан халқы ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық топ өкілдері мен тарих ғалымдары, өлкетанушылардан құралған топ Павлодар облысының барлық аудандары мен қалаларына аталған тапсырманы орындау аясында тың деректер мен қажетті материалдар жинау үшін іссапарға шықты.
Алдымен Павлодар қаласының шетіндегі ескі мұсылмандар бейіті жанындағы ашаршылық құрбандарына қойылған монументке тағзым етілді, аруақтардың рухына құран бағышталды. Қоғам белсендісі, ақын Араман Қани, «Нұр Ана әлемі» ҚБ төрайымы Б. Максилова сөз алып, экспедиция жетекшісі С.Мамытоваға сәттілік тілеп, жолға шығарып салды.
Сонау зұлмат жылдары қазақ халқының арыстары, білімді деген  азаматтары оққа ұшты, бүкіл елдің басына үлкен қасірет төнгенін тарихтан білеміз. Алайда, бұл тарихи шындық әлі күнге дейін толық зерттелмеген, біздің облысымызда қанша адамның ашаршылық құрбандары болғанын, бүтін бір отбасылардың жойылып кеткенін, сол азаматтардың қайда жерленгені туралы деректерді жан-жақты нақтыланып, фото-картаға енгізіліп, арнайы дерекке енгізіледі. Алдымен Железин, Тереңкөл аудандары, содан кейін Аққулы, Ақтоғай Ертіс аудандарына барады деп жоспарланып отыр.

Фото

9273

Фото

9274