9252Отырыс барысында Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Идият Әбдіқалықов алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ, ол Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерінің құрамы қайта қаралғанын, бұрын кеңес құрамында 28 адам мүше болса, қазір олардың 17-і ғана қалғанын атап өтті. Төрағаның айтуынша бұл қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын мобильді етуге ықпалын тигізеді.
Сондай-ақ, Идият Бекболатұлы қоғамдық келісім кеңесінің мүшелеріне кеңес төрағасының орынбасары ретінде Павлодар аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Шин Светлананы ұсынды. Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері кандидатураны бірауызда қолдады.
Жаңадан сайланған төрағаның орынбасары Павлодар ауданындағы Қоғамдық келісім кеңесінің атқарған жұмысына тоқталды.
- Баршаңызға белгілі, еліміздің облыстарында ассамблеяның жанындағы Қоғамдық келісім кеңестері 2014 жылдан бастап құрыла бастады, - деді Шин Светлана. – Құрамына әр өңірдегі қоғам қайраткерлері мен белсенді азаматтар енген Кеңестің жылдық жоспарында қазіргі таңда қордаланған, шешімін таппаған мәселелер, оны шешу жолдары анықталған. Мысалы, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын үйлестіру, этномәдени бірлестіктерді тарта отырып қайырымдылық акцияларын өткізу, әсіресе әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету болып табылады.
Сонымен қатар, Светлана Шин Павлодар ауданында өткен жылғы пандемияя жағдайында атқарылған іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды. Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, ауылдық елді-мекендердегі егде адамдарды қоғамдық шараларға тарту, әйел адамдардың бизнеске араласуына қолдау көрсету бойынша біршама тәжірибе жинақтаған. Светлана Шин аудандағы іскер әйелдер қоғамдық ұйымдардың гранттарын жеңіп алып, өз кәсібін ашуға ұмтылып жатқанын мақтанышпен атап өтті.
Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Айнұр Раисова Павлодар ауданының оң тәжірибесін атап өтіп, алдағы уақытта аудан көлемінде семинар өткізу жоспары бар екендігін айтты. Сондай-ақ, ол Шин Светлананың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысып жатқаны туралы айтып, кеңес мүшелерін әріптестерін қолдауға шақырды.

Фото

9252

Фото

9253

Фото

9254