9241Өңірлік ҚХА-ның «Ситораи Сомон» тәжік этномәдени бірлестігінің мүшелері менталдық ауытқушылықтары бар азаматтарға көмек көрсететін «Альрами» клубтық орталығының тәрбиеленушілеріне бір қазан палау әзірледі. Тәжік ЭМБ-ің мүшесі Довлатов Сухробтың айтуынша, дәмді палау оны сүйіспеншілікпен дайындаған кезде алынады.
- Дәстүрлі палаудың ингредиенттері бірдей болғанымен, әр аспаздың өз рецепті мен ерекшеліктері бар, - дейді Сухроб Довлатов. – Біұл  палау үшін біз біз сапалы сиыр етін, күріш, сәбіз өнімдерін таңдадық:. Дәмдеуіш ретінде тұз бен зира пайдаланылды.
«Альрами» клубтық орталығының әкімшісі Жанна Жанжігітова тәжік ЭМБ-ің мүшелері Наурыз және Құрбан айт мерекесіне орай палау әзірлеп, қолдау көрсететін атап өтті.
- Ментальді ауытқушылықтары бар жандарға арналған біздің клубтық үйіміз 2001 жылдан бастап волонтерлік негізде жұмыс істеп, 2011 жылдан бастап әкімдікпен шарт жасасып, сол уақыттан бері қызметімізді мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырамыз, - дейді Жанна Жанжігітова. - Екі жыл бұрын облыс басшылығының қолдауымен және кәсіпкерлердің демеушілігімен екі пәтерлі үй сатып алдық. Біздің тәрбиеленушілеріміз клубта шығармашылық қызметпен айналысады және күнделікті өмірге қажетті еңбек дағдыларын үйренеді.
Клуб үйінің әкімшілігі алдағы уақытта жеке асхана мен фитнес-орталық салуға қажетті жер учаскесін сатып алуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта құжаттарды рәсімдеу процесі жүріп жатыр. Жанна Жанжігітова бұл үшін клуб ақшалай қаражат жинауды бастағанын және клубтың тағдырына бей-жай қарамайтын, мейірімді азаматтардан өз үлестерін қосуды сұрайтынын хабарлады.
- Тәжік этномәдени орталығының төрағасы мен мүшелеріне дәмді палау үшін зор алғысымызды білдіреміз, - деді Жанна Жанжігітова. - Біздің тәрбиеленушілер палаудың өте дәмді екенін айтып жатыр.

Фото

9241

Фото

9242

Фото

9244

Фото

9243

Фото

9245

Фото

9246