9222Бүгін облыстық Достық үйінің базасында өңірлік ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының ұйымдастыруымен «Қазақстан: қайғылы оқиғалар мен жеңістер тарихы» тақырыбына ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференция жұмысына өңірдің ҚХА ҒСТ өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары,  «Қоғамдық келісім» КММ мамандары және этномәдени бірлестіктердің мүшелері, студенттер қауымы қатысты. Алғы сөзді Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А.Раисова алды. Жалпы, бұл кездесу он-лайн режімінде болса да, тарихшылардың баяндамалары өте қызықты болды. Баяндамашылар Қазақстан тарихының қасіретті беттері саналатын - ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, ұжымдастыру, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына кеңінен тоқталып өтті. Бүгінгі таңдағы ұлтаралық келісім, ассамблеяның қоғамдағы орны, мемлекеттік ұлттық саясат тақырыптарына әңгіме өрбіді. Жалпы, егемен елдің беймәлім зерттелмеген тақырыптары, фактілер қатысушылардың назарына ұсынылды. Конференцияның келесі бөлімі  ашық пікір алаңына ұласты.

Фото

9222

Фото

9223

Фото

9224

Фото

9225

Фото

9226

Фото

9227

Фото

9228

Фото

9229

Фото

9230