9214«НҰР АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің белсенді аналары есімі облыс жұртшылығына кеңінен танымал, ұстаздарың ұстазы Зара Қожахметованың басына барып, құран оқытып қайтты. Ертіс-Баян өңірінің біртуар азаматшасы, еңбек жолын Павлодар қаласы № 10 Абай атындағы қазақ мектебінен бастап, өзінің бар ғұмырын туған еліне, ұрпақ тәрбиесіне арнаған Зара Қабдышқызы осыдан 30 жыл бұрын алғаш рет Павлодарда «Мұсылман әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігін құрған болатын. Сол кездегі ақ жаулықты аналардың қоғамдағы орны, атқарған қызметі ұшан-теңіз болды, ұлттық педагогиканы арқау етіп, жас ұрпақты «қазақ» етемін деп аянбай еңбектенді. Зара Қожахметованың өмірден озғанына міне 4 жылдан аса уақыт өтіпті.
Ал бүгін де сол Зара апаның салып кеткен сара жолымен, игі істерін әлі күнге дейін жалғастырып жүрген бүгінгі ізбасарлары Ұлы ұстаздың басына барып, ұлағатты тұлғаны сағынышпен еске алды.
Бүгінгі күні «НҰР АНА әлемі» қоғамдық бірлестігі облыс көлемінде ауқымды жұмыс атқарады. Содан кейін, қаламыздың ең көрікті саналатын М.Жүсіп орталық мешітіне арнайы ат басын бұрып, ата-бабалар рухына құран бағыштады. Ақ жаулықта аналардың тілегі қабыл болсын! Келер жылғы Наурызға аман-есен жетейік ағайын!

Фото

9214

Фото

9215

Фото

9216

Фото

9217