- Толығырақ
-
Жарияланды 03 Наурыз 2021
Бүгін Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған ZOOM платформасында өткен «Этносаралық қатынастар жөніндегі» семинарға қатысты.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төраға міндетін атқарушы Ғалым Шойкин модератор ретінде, еліміздегі этносаралық қатынастарды реттеу саласындағы өзгерістер мен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Жалпы, соңғы кездері елімізде этносаралық қатынастар бойынша мемелекеттік саясат саласында бірқатар жүйелі өзгерістер болғанын білеміз. Конференцияның негізгі модераторы Ғ.Шойкин әсіресе өңірлердегі этносаралық қатынастардың хал-ахуалы, медиация саласын барынша дамыту, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әріптестігі мәселелеріне тоқталып өтті.
Сонымен қатар, елімізге келген қандастарға құқықтық-әлеуметтік көмек көрсету мәселесі көтерілді.
Бүгінгі күні Павлодар облысына 34 мыңнан астам ағайын көшіп келіп, қоғамның әр саласында еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне үлестерін қосып жатыр. Қандастарға көмек көрсету бойынша Достық үйінде фронт-офис жұмыс істейді. Павлодар облысындағы атқарылып жатқан игі істер, үлгі болатын маңызды шаралар баршылық деп атап өтті «Отандастар» қорының баяндамашысы.
Фото
Фото
Фото