91981 наурыз Алғыс айту күні аясында ассамблея белсенділері облыстық радионың арнайы бағдарламасына қатысты. Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің  өкілері радио тыңдармандарына аталған датаның маңызы мен мәнін түсіндірді. «Халкъан барт» шешен-ингуш орталығының ақсақалы Ю.Мержоев, корей ұлттық орталығының белсенді мүшесі Л.В. Пак және еврей этномәдени орталығының мүшесі И.А. Тверитнева қатысты.
Алғыс айту күні тарих тоғыстырған барша ұлт өкілдерінің достығының белгісі, сонау қиын кезеңде қазақ халқының мейрімділігі мен көрсеткен көмегі ешқашан ұмытылмайды деп атап өтті шешен-ингуш орталығының ақсақалы.

Фото

9198