Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Алғыс айту күні – тарихтың түрлі кезеңдерінде қазақ халқының бауырмалдығына бөленіп, Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің киелі қазақ жері мен қазақ халқына деген тағзымның белгісі.
Алғыс айту күні – ауыр күндерді еңсеріп, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолында тер төккен азаматтарының бір-біріне құрметі, тағдыр тоғыстырған әр ұлт өкілдерінің ортақ тарихына деген құрмет.
Құрметті облыс тұрғындары!
Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өтеміз, олай болса  еліміз жылдан-жылға дамып, биік белестерге жете беруіне тілектеспіз. Баршамызға Алғыс айту күні құтты болсын!
Береке-бірлігіміз берік болсын, ырыс-ынтымағымыз арта берсін!  Жасай бер Қазақстан елі!

9197