9187Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушысы, белорус бөлімінің белсенді мүшесі  - Анастасия Солоденко қашықтықтан өткізілген Республикалық Мұқағали Мақатаев атындағы «Шығармашылық мұра» көркемсөз оқу конкурсында I дәрежелі Дипломына ие болды.
Бұл қуаныш Настяның кезекті жеңісі десе болады. Өткен жылы облыстың мектептері мен колледждері арасында республикалық «Мың бала» жобасына қатысып, «Асыл сөз» байқауында озық шығып, Нұр-Сұлтан қаласында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жастары атынан Республикалық шараға қатысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында ол Республикалық турдың жеңімпазы атанып, арнайы сыйлық, ұлттық музыкалық аспап – домбырамен марапатталды.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» дегмекші, жас баланың ерекше қабілеті мен тілді үйренуге деген құштарлығын қолдап, бағыт-бағдар берген - Павлодар қаласындағы № 43 орта білім беру мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айнур Еркінқызы Абильдинова.
Жыл сайын, жас ерекшелігіне қарамастан, А.Солоденко облыстық ассамблеясының Жастар творчествалық ұжымдары арасында өтетін мемлекеттік тілдегі патриоттық әндер фестиваліне белсенді қатысады.
Анастасияға барлық игі бастамаларына, мемлекеттік тілді меңгеруде, қазақ халқының бай мәдениетін зерделеуге жасаған қадамына сәттілік тілейміз!

Анастасия Ильченко
Қ.Даржұман ат. ҰЖМ белорус бөлімінің педагогы

Фото

9187

Фото

9188

Фото

9189

Фото

9190

Фото

9191