- Толығырақ
-
Жарияланды 27 Қаңтар 2021
Павлодар облысы ҚХА Хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ мамандары павлодарлық профессор, музыкатанушы, композитор және әдебиетші Наум Шафермен сұхбаттасты. Биыл Наум Григорьевич Шафер 90 жылдық мерейтойын атап өтіп жатры. Танымал тұлғаның есімі тек Павлодар мен Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге мәлім. Наум Шафердің коллекциясында 27000-нан астам грампластинкалар, 1500 бобина магнитофон жазбалары, 1500 аудиокассеталар, сондай-ақ музыкалық шығармаларға арналған 500 мыңнан астам карталар (композиторлар мен орындаушыларға сәйкес) жинақталған жазбалар бар. Сонымен қатар, Шафер үйінің мұражай қорында лазерлік дискілер, кең кино кітапханасы және 20 мың кітап, ескі журналдар мен газеттерден тұратын үлкен кітапхана бар.
Өзінің мерейтойына орай Наум Шафер «Нам верить и ждать суждено» атты авторлық кітабын таныстырды. Кітап автордың Нами Гитин деген авторлық псеводимімен жарық көрді, бұл бүркеншік атты Наум Шаферге оның рухани ұстазы мен тәлімгері композитор Евгений Брусиловский таңдап берген еді. Кітаптың алғы сөзінде Мәскеуде шығарылатын «Музыкалық өмір» журналының бөлім меңгерушісі Татьяна Лебедева автор ең алдымен композитор, содан кейін музыкатанушы деген жүрекжарды пікірін білдіреді. Наум Григорьевич филолог болса да, С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) «филолог» мамандығы бойынша бітірген. Оқып жүріп, Евгений Брусиловскийден қосымша дәрістер, композиция сабақтарын үйренеді. Ол ұзақ жылдар бойы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының әдебиет кафедрасында еңбек етті.
Наум Шафер - Қазақстан Республикасының ағарту ісінің үздігі және Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Павлодар облысының Құрметті азаматы. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Еуроазиялық Еврей Конгресінің орденімен марапатталды.
Фото
Фото
Фото