ПрезидентЖыл басталысымен ПрезидентҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын жария еткені баршамызға мәлім. Қауіп-қатері, індеті басым  болған 2020 жылдан соң жаңа жылға қадам басып, жаңа үміт, бағыт-бағдар аңсаған халқымызға аталмыш мақала ауадай қажет болды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы әрбір қазақстандықтың санасын мазалайтын сұрақтарды дөп басып, оны шешудің нақты жолдарын ұсынды. Көкіректі оятатын маңызды мәселелердің бірі - ел тарихыныңқолға алынуы. Өзгеріске ұшырап, қарқынды дамып  келе жатқан мемлекеттер жаһандану үрдісі аясында өз тарихын, мәдениетін заман талабына сай жаңдандыруды  қажет етеді. Демек, тарихи ақиқатты сүзбеден өткізіп, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып зерделеу, кешегі келмеске кеткен кеңестік идеологиядан арылып, бүгінгі тарихымызды  танып-білу заңды құбылыс деп білеміз. Соңдықтанда, біздің міндетіміз - тарихи деректерді ұстанып, ұлттық құндылықтарды негіз ете отырып,ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқантәлім-тәрбиені жас ұрпақтың бойына сіңіру болмақ. 

Карімова Анар Еркенқызы тарих ғылымдарының кандидаты,
Павлодар педагогикалық университетінің
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мекетебінің доценті 

Фото

Президент