ПрезидентҚазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты материалмен толығымен таныстым. Бұл мақала көкірегі ояу азаматтар үшін, ел болашағының бағдары, көп оздырмай жүзеге асыратын мәселелерді толғап, оны шешудің жолдарын нақты қарастырған.
Мемлекет басшысының жаңа жылдың алғашқы күндері негізгі даму бағытымызды барлап, қазақ азаматтарына сөзден гөрі нақты іске көшуді ұсынып отыр. Мені толғандыратыны, күн тәртібіндегі - ұрпақ тәрбиесі, тіл мәселесі, шекара тұтастығы.
«Ел болам десең-бесігіңді түзе» деп ғұлама М.Әуезов атамыз айтқандай, барлық тәрбие отбасынан, мектептен басталады. Біздің білім саласы қаншама реформаларды бастан кешірді, міне қашықтықтан оқытуға көштік. Бұл білім мен тәрбие ісін босаңсытпай, бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауды міндеттейді.
Біздер әлі күнге дейін Қазақстан тарихын толық меңгере алмадық, мысалы ашаршылық, Желтоқсан оқиғасына тарихшылар баға беріп, қайта нақты деректермен толықтыруы керек. Біздің тарих жылнамасындағы қасіретті күндерді ұмытпай, тәуелсіздік жолында құрбан болған қаншама ұл-қыздарымыздың есімін қайта жаңғырып, олардың рухына тағзым етуіміз орынды деп санаймын.
Жалпы, мақала әрбүр жүректі тербеп, халқымыздың ұлттық болмысын саралап, «Мен елім үшін не істедім?» деген сауалды туындатады. Демек, әрбір азаматқа артылар міндеттің ауырлығы, әрбір адам өз елі – жұрты үшін терін төксе, үлкендерімізді құрметтеп, жас ұрпақты дұрыс тәрбиелесек - нұр үстіне нұр болар еді.

Бақытжамал Максилова
Павлодар облысы «НҰР АНА әлемі» ҚБ төрайымы

Фото

Президент

Фото

максилова БШ