ПрезидентЕл Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын оқыған әрбір жүрегінде оты бар азамат бей-жай қалмауы керек.
Шындығында, бес ғасырлық тарихы бар қазақ елі үшін туған жер, діні мен тілі, ұлттық бірлігі әрқашан да қасиетті ұғым болып қала бермек. Бүгін қанша ғасыр өтсе де, егемендік алған жас мемлекет үшін осы құнды мұраттарымыз әлі де маңыздылығын жойған жоқ, қажеттілігін арттыра түсті десе болады.
Заман өзгеріп, бүкіл әлем жаңғыру үрдісіне көшкенде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы маңызды мақалада елдің даму бағдарын айқындап,  жалаң ұраннан гөрі нақты істерге көшуді міндеттеді.
Қазақстандықтар тек өзіне ғана сенеді, біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан Республикасы!
Павлодар облысының белсенділері, еліміздің бірлігін сақтай отырып, ырыстың бұлағы болған – еңбекке бас иіп, елге қызмет етеді деп сенемін!

Идият Әбдіхалықов
Павлодар облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Фото

Президент

Фото

Абдыкалыков