9172Қоғамдық қызметтегі әріптестері «Нұр-АНА әлемі» ҚБ филиалының басшысы Бақтыбала Бекжанованы 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Павлодар  облысы ҚХА Хатшылығының атынан Павлодар облысы ҚХА хатшылығының бас маманы Теміров Ербол және «НҰР-АНА әлемі» ҚБ басшысы Бақытжамал Максилова құттықтау сөз сөйледі. Олар мерейтой иесін ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айнұр Сәрсенбаеваның атынан құттықтап, мерейтой иесін  қоғамдық қызметі үшін алғыс білдірді.
Сондай - ақ, Бақтыбала Мағауияқызын әріптестері - Ақсу қаласы, Ақтоғай және Успен аудандарының «НҰР-АНА әлемі» ҚБ филиалдарының басшылары құттықтады.
Мерейтой иесіне Аққулы ауданы әкімдігі мен мәслихатының өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой иесіне естелік сыйлықтар табыс етті. Аудан әкімінің орынбасары Сәуле Қасымова Бақтыбала Бекжановаға аудан әкімі Абзал Балғабаевтың атынан құттықтау хат пен ұлттық киім табыс етті. Аудандық мәслихат хатшысы Светлана Мусимова Аққулы ауданының өкілдік органының атынан құттықтау хатын табыс етті.
Аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы мерейтой кешін Бақтыбалы Бекжановтың сүйікті әндерінен құрылған шығармашылық нөмірлерімен жалғастырды.
Бақтыбала Бекжанова 1950 жылы 20 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының Тарбағатай ауданында дүниеге келген. 1959 жылы ата- анасымен бірге Семей облысының Көкпекті ауданына көшіп келді. Қазақстанда ол орта мектепті және Семей қаласындағы «Үлбір-тон техникумын» бітірген. Оқуды аяқтағаннан кейін оны жолдама Павлодар облысының Лебяжі ауданына жіберді. Осы жерде Бақтыбала Бекжанова Мұратбек Смағұловпен отбасын құрып, 47 жыл бақытты өмір сүріп келеді. Смағұловтар отбасы екі ұл, алты немере тәрбиелеп өсірді. Олардың барлығы өмірде өз орнын тапты.
Бақтыбала Бекжанова аудандық «Нұр-Ана әлемі» ҚБ филиалын 2012 жылдан бастап - филиал құрылған күннен бастап басқарады. Қоғамдық бірлестікті басқарған жылдары ол «Dara jol» төс белгісімен және «Аққулы ауданына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Фото

9172

Фото

9173

Фото

9174