1111Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы аясында, бүгін Павлодардың орталығында Абай Құнанбаевтың ескерткіші бой көтерді. Бұл шараоблыс әкімі А.Сқақов және өңірдің зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өтті.
Туындының авторы ҚР суретшілер одағының мүшесі, есімі баршамызға белгілі мүсінші Асқар Нартов. Өткен жылы қала көшелерінің бірінде ұлы ақынға ескерткіш орнатылады деп жергілікті ақпарат көздері жазған болатын. Арада көп уақыт өтпей-ақ облыс тұрғындары бұл жаңалықты зор қуанышпен қабылдады. Өззаманының ұлыойшылы, кемеңгерақын Абайдың сарқылмас мол мұрасы - келер ұрпақ тәрбиесіне, жарқын болашағымызға бағыт-бағдар берері сөзсіз.