9162Облыс орталығында онлайн-форматта «Тәуелсіз Қазақстан Тарих толқынында» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына көрнекті отандық ғалымдар, облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасының өкілдері, студенттер қатысты.
Аймақ басшысының орынбасары, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Айзада Құрманова өзінің құттықтау сөзінде қатысушыларға  бұл конференция ел тарихындағы ақтаңдақтарды қалпына келтіру мәселелерін шешуге бағытталған мемлекет пен қоғамның ынтымақтастығының жарқын мысалы болып табылатынын атап өтті.
- Тәуелсіздік тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге мүмкіндік берді, - деді Айзада Құрманова. – Еліміз егемендік алғаннан кейін қабылданған алғашқы құқықтық актілерінің бірі - «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң болды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылдың қараша айында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі Ұлттық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды.
Алматы қаласында 1986 жылы орын алған Желтоқсан оқиғасының тікелей қатысушысы, философия ғылымдарының кандидаты, Е.Бекмаханов атындағы өлкенің тарихы мен этнографиясын зерттеу жөніндегі ғылыми-практикалық орталықтың директоры Амантай Құдабаев Тәуелсіздік және қазақ халқының оған барар жолдағы қиындықтары туралы тарих сабақтары жастардың санасының дамуына үлкен әсер ететінін атап өтті.
«Ақ бұлақ» қазақ жексенбілік ұлттық мектебінің педагогы, Самара облысының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Айгүл Жәлелова Ресей Федерациясының Самара қаласында қазақ балаларына ана тілін, туған халқының салт-дәстүрлерін үйрету үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
- 2003 жылдан бастап Самара облысында «Айгүл» қазақ халық би ансамблі және «Маржан» қазақ халық сән театры жұмыс істейді, - деді Айгүл Жәлелова. – «Маржан» сән театры қазақтың ұлттық киімдері негізінде сәндік коллекциялар әзірлейді. Осы коллекциялармен сән театры көп жылдар бойы қаланың үлкен алаңдарында өнер көрсетіп, қазақ костюмдерін балалар мен жасөспірімдердің өнері мен шығармашылығының керемет туындысы ретінде көрсетіп, қазақ халқының мәдениетін насихаттайды.
«Ақ бұлақ» мектебінің педагогтары «Ата мұра» қазақ мәдениеті мерекесі, «Қазақ сұлуы», «Жігіт сұлтаны» конкурстары, «Алтын балапан» балалар сұлулық конкурсы және т.б. сияқты туған халқының салт-дәстүрлерін зерделеу бойынша көптеген жобалардың авторлары болып табылады.
Сібір заң университетінің аспиранты, Омбы қаласындағы «Мөлдір» қазақ мәдениеті орталығының мүшесі Шолақов Мұрат домбырада ойнауды үйреніп, туған халқының дүниетанымының тереңдігін түсіне алғанын айтты. Сондай-ақ, ол өз баяндамасында Ресей Федерациясының аумағында тұратын қазақ жастары үшін өз этносының тілі мен мәдениетін зерделеу маңызды екенін атап өтті.
Конференцияның жұмысын жалғастырған секциялық отырыста ЖОО-ың оқытушылары мен Павлодар қаласының мектеп педагогтары сөз сөйледі. Конференцияға қатысушылар Қазақстанның әлемдік тарихтағы рөлі және Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуына қосқан үлесі туралы пікір алмасты.

Фото

9162

Фото

9163

Фото

9164

Фото

9165

Фото

9166

Фото

9167

Фото

9168