- Толығырақ
-
Жарияланды 29 Қыркүйек 2020
Павлодар қаласының Достық үйі төрінде облыстық ҚХА-ның «Эльбрус» қарашай-шеркеш және қабарды-балқар ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ, қазақ поэзиясының сұңғыла тұлғасы, ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған әдеби-танымдық эстафетасын өткізді.
Биылғы жылы «НҰР-АНА әлемі» ҚБ-нің бастамасымен 10 ақпан күні бастау алған эстафетаның мақсаты – ұлы ойшылдың, майталман тұлғаның философиялық, гуманистік көзқарастарын қазіргі заман тұрғысында дәріптеу, оның шығармашылығы мен әдеби туындыларын тануға қоғамның құлшынысын арттыру.
Іс-шара ақынның хикметті сөзінен басталып, танымал «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әуезті композияцияларымен және өлең жолдарын оқумен ұласты.
- Абай Құнанбайұлының есімі елімізде ғана емес, шет мемлекеттерге де танымал. Абайды оқып таңданбау мүмкін емес, оның туындыларындағы асқақ рухани-адамгершілік идеялары, толғаныстары әр адамның жүрегінде үн табады. Сондықтан Абайды терең тану, шығармашылығына үңілу әсіресе қазіргі заман шенінде қажет, - деп «Эльбрус» қарашай-шеркеш және қабарды-балқар ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ-нің төрағасы – Мариям Алботовна Байрамкулова ойымен бөлісті.
Эстафетаның символына айналған кубок ҚХА хатшылығының меңгерушісі – Айнұр Мақсұтқызы Сәрсенбаеваның қолымен «Колхети» этномәдени бірлестігінің төрайымы Яна Оганесовна Касьянға табысталды.
- Абай Құнанбайұлының шығармашылығы менің шығармашылығыммен байланысты. Майталман ақынның нақыл сөздерін, өлеңдерін үнемі оқып қаперіме түйемін. Әрбір туындысынан тағылым аламын, - деп «Колхети» этномәдени бірлестігінің төрайымы Яна Оганесовна Касьян атап сөзінде атап өтті.
«НҰР-АНА әлемі» ҚБ-нің төрайымы – Бақытжамал Шаханқызы Максилованың айтуынша эстафетаның тағы бір нышаны – алтын сандықты әрбір кезекті қатысушы этномәдени орталық толықтырып, жыл мәресінде ҚХА-ның жастар бірлестігімен қорытындылайтын болады.
Іс-шараның қорытындысы ретінде бейнеролик шығарылды.
Фото
Фото
Фото
Фото