9060Қазақ халқының Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы және артында қалдырған рухани мұрасы туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Абай аманаты» мақаласы дер кезінде жазылған құнды дүние деп білеміз. Әр халықтың тарихи қалыптасу жолында жеке тарихи тұлғалардың алатын орны ерекше. Олардың өнегесі, өмір сүрген кезеңі осының бәрі келер ұрпақты отансүйгіштік сезімге, жауапкершілікке тәрбиелейтіні анық. Абай жолы ол қазақ халқының қалыптасу, өркендеу сатысын көрсететін тарихи оқиғаларға толы дүбірлі кезең еді.Сол заманғы оқиғалардың ішінде жүріп Абай әділетсіздікпен қалай күрескенін осы мақалада жаңаша көзқараспен берілгендігі айқын көрініп тұр.
Елбасы Абай шығармаларының мазмұнына терең үңіліп олардың пәлсапалық табиғатын терең әрі жан-жақты талдап берген.  Ақынның туған халқының келешегі үшін жан аямай өз қоғамындағы саяси және әлеуметтік қайшылықтарды жеңе білуі үлкен тарихи маңызы бар жаңалық екенін дәлелдеп берді. Жалпы осы мақала қазіргі кезеңге өте қажетті рухани дүние болып табылады.

Павлодар облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі,
«Торайғыров университеті» КЕАҚ
философия ғылымдарының кандидаты,
профессор -       Амантай Жетпісұлы Құдабаев