90441-қазанда Даналық, Мейірім мен Құрмет күні шеңберінде ҚХА-ның волонтерлік орталығында «Телефондық еріктілік» атты ерекше науқаны өткізілді. Қарт адамдарға құрмет пен қамқорлық көрсету, олардың өмірімізде ерекше орын алатын рөлін атап өту аталмыш науқанның мақсатына арқау болды. Жылы телефондық әңгіме үстінде волонтерлер аға буынды мерекемен құттықтап, шынайы лебіздерін білдіріп, көмектерін ұсынды. Өз кезегінде қарттар мұндай науқанды көңілдеріне жылы қабылдап, ризашылықтарын бүкпеді. Қазіргі карантиндік және оқшаулану жағдайында белсенді өмірге әдеттенген жасы келген адамдарға өзге өмір жағдайына бейімделу оңай емес. Мұндай сәтте жалғыздық сезімінің пайда болуына жол бермеу қажет. Аталмыш науқан бұл бағыттағы жақсы шешім.

Фото

9044

Фото

9045

Фото

9046

Фото

9047