9031Бүгін достық үйінде «Татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы» ҚБ-нің бастамасымен бүкіләлемдік науқан шеңберінде бір мезетте «Татарча диктан яз» атты жат жазу ұйымдастырылды. Туған тілдегі білімдерін нығайтуға бағытталған жыл сайынғы дәстүрлі шарада, татар тілінде емлелік тұрғыдан білімдерін сынауға 15 адам  қатысты. Жат жазуда Ұлы Отан соғысы жылдары суреттелген  «Өзелген кыллар» әңгімесінің үзіндісі оқылды. Қатысушылар жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бар ықыласын салды. Ендігі сәтте тек жұмыстарының бағалануын күтуде.
Айта кетейік, аталмыш шара  барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуымен өткізілді.

Фото

9031

Фото

9032

Фото

9033

Фото

9034