901714 қыркүйек күні Достық үйінде «Бір шаңырақ астында» жазғы фестивалінің «Этномикс-2020» жабылу салтанаты өтті. Биылғы жылы пандемиялық жағдайға байланысты облыстық Ассамблея дәстүрлі жазғы этнофестивальді көрсетудің онлайн үлгісіне көшті. Жаз маусымы бойы облыстық этномәдени бірлестіктер көрермендерді ән, би өнерімен тамсандырып, мәдениетін көрсетіп, ұлттық тағамдардың шеберлік сабақтарын өткізді.
ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі – Сәрсенбаева Айнұр Мақсұтқызының модераторлығымен өткізілген іс-шараның бірінші бөлімінде ҚР Президенті – Қ. К. Тоқаевтың 1-қыркүйектегі халыққа Жолдауы талқыға салынды, сонымен қатар дөңгелек үстел қатысушылары ой-пікірлерімен бөлісіп, сөз сөйледі.
Шараның екінші бөлімінде этномәдени бірлестіктерді, өнерлерін көрсетіп, фестивальға қатысқандары үшін «Ұлттық өнер», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Этноасхана», «Абай оқулары», «Отбасылық құндылықтар» атты бес номинация бойынша марапаттау рәсімі өткізілді. Сондай-ақ этномәдени бірлестіктерге дипломдармен қатар сыйлықтар табыс етілді. Марапатқа ие болған жалпы 26 этномәдени бірлестіктердің өнерлері әлеуметтік желідегі қаралым сандарына қарай бағаланды. Олардың ішінде ең көп 1870 қаралым жинаған «Айреник» облыстық армяндар қоғамы» «Көрермендер көзайымы» номинациясын иеленді.

Фото

9017

Фото

9018

Фото

9019

Фото

9020