9012Құрбан айт мейрамы қарсаңында және «Мың алғыс» жалпыреспубликалық науқаны шеңберінде Ақтоғай ауданының Аналар кеңесі қауымы, «НҰР-АНА әлемі» ҚБ, славян, шешен-ингуш этномәдени бірлестіктерінің, «Ақтоғай – Рухани жаңғыру» ҚҚ, ішкі саясат және тілдерді дамыту басқармаларының ортақ бастамасымен аудандық ауруханаға мол дастархан жайылды. Аурухана дәрігерлік ұжымына арнап азық-түлік жиынтықтары мен тәтті тарту-таралғылар үлестірілді. Аталмыш науқан алмағайып шақта азаматтарымыздың өмірін сақтап қалу жолында күресіп жатқан, өздерін қатерге тіккен ақ халаттыларға деген алғысымыздың белгісі, қасиетті Құрбан айт мерекесі елімізге береке, азаматтарымызға денсаулық әкелсін.
Бүгінде төтенше жағдайда облысты және қарасты аудандар көлемінде барлық азаматтық қоғам, мемлекеттік мекемелер тарапынан дәрігерлерге қолдау, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға барынша жан-жақты көмек көрсетілуде.

Фото

9012

Фото

9013

Фото

9014