8986Халқымыздың ұлты мен наным-сеніміне қарамастан тең болуы және бір-біріне деген құрметі, қоғамдық келісімнің нығаюы, халықтар достығы еліміздің ең басты құндылықтарының бірі.
Бастан өткеріп жатқан бүгінгі күрделі кезеңде, «Біз біргеміз!» науқаны аясында Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің ұйымдастыруымен Павлодар облыстық кардиологиялық орталығына емге қажетті дәрі-дәрімек сатып алынды. Медициналық дәрі-дәрмектерді қоғамдық бірлестік төрайымының орынбасары Тулебаева Гүлнәр Сүлейменқызы Бас дәрігердің орынбасары Сабина Амангелдіқызына табыс етіп, облыстық Қазақстан халқы ассамблея өкілдерінің атынан сынаққа толы сәттерде науқастарды емдеуге барын салып жатқан абзал жандарға өз ризашылығын білдіріп, батасын беріп қайтты.
«Біз біргеміз!» Қазақстан халқы Ассамблеясының акциясы жалғасуда. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Фото

8986

Фото

8987

Фото

8988