- Толығырақ
-
Жарияланды 27 Тамыз 2020
Павлодар облысы этномәдени бірлестіктерінің 28 өкілі мерейтойлық медальдармен марапатталды
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне ҚР Президентінің атынан наградалар табыс етті,
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, кездесу басында қатысушылар облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігін он жылдан астам уақыт басқарған Абдурашид Мумадиді бір минут үнсіздікпен еске алды.
– Абдурашид Мумадиұлының қазасы - біздің облысымыз және Қазақстанның барлық шешен - ингуш жұртшылығы үшін орны толмас қайғы, - деді Әбілқайыр Сқақов.
Өңір басшысы облыстың этномәдени бірлестіктерінің төрағаларына, Қазақстан халқы Ассамблеясына мен оның жастар қанаты өкілдеріне өткен айда пневмонияның өршуі кезінде медициналық мекемелерге көрсеткен көмектері үшін алғыс айтты.
- Ауруханаларға жасаған сыйлықтарыңыз дәрігерлер мен олардың пациенттері үшін баға жетпес моральдық қолдау болды. Мен сіздерге шын жүректен алғыс айтып, сіздерге және сіздердің жақындарыңызға мықты денсаулық тілеймін! – деді өңір басшысы.
Әбілқайыр Сқақов пен этномәдени бірлестіктердің төрағалары өңірде аурудың жаңа толқынының болуы мүмкіндігіне дайындық және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.
Конституция күні қарсаңында облыс әкімі кездесуге қатысушыларға Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті. Марапатталғандардың қатарына этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметкерлері және оның жастар қанатының өкілдері кірді.
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото