892228 ақпанда «Қоғамдық келісім» КММ-де Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығына арналған «Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені» атты салтанатты концерттік бағдарламасы өтті. Мерекелік шара Павлодар облысының әкімі Ә.Б.Скаковтың, ҚХА Хатшылығының меңгерушісі А.М.Сәрсенбаеваның, облыстың этномәдени бірлестіктерінің, мемлекеттік органдардың, шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің, жоғары оқу орындары ректорларының, Аналар, Ақсақалдар Кеңесінің, ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесінің, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының, «Жаңғыру жолы» жастар бірлестігінің облыстық штабы мүшелерінің қатысуымен өтті.
- Осы күні Сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Бүгін елімізде тұрып жатқан барлық этностардың бір-біріне ризашылығын білдіретін ерекше күн. Осы жарқын мереке баршамызға құтты болсын! Өткен ғасырда мыңдаған адамдар қазақ жеріне көшіріліп, тағдыр қиындығына ұшыраған. Қазақ халқы қиын кезіңдерге қарамастан қол үшін халық, сол кезден бастап көптеген ұлт өкілдері Қазақстанда тұрақтап, жергілікті халықпен бірге өмір сүріп кетті. Сондықтан, біз тарихты ұмытпай, еліміздің дамуына бірлігіміздің артуына бар күш салуымыз кажет , - деп айтты облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.
Достық үйі фойесінде Павлодар облысының мемлекеттік архивінің қорынан тақырыптық көрме және Д.П. Багаев атындағы мемориалды  үй-мұражайы қорынан фотокөрме ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жер аударған халықтардың ұрпақтары: аудандық ассамблея төрағасының қоғамдық орынбасары, «Эльбрус» қарашай-черкес және қабарда-балкар мәдени орталығының төрағасы – Мария Байрамқұлова; Еңбек ардагері, «Беларусь» мәдени орталығының ақсақалдар кеңесінің төрағасы- Василий Рак ; «Халкьан Барт» шешен-ингуш орталығының ақсақалдар кеңесінің белсендісі – Юсуп Мержоев сөз сөйледі.
Концертке этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары қатысты.  Сонымен қатар: Нұр Ана әлемі, татар-башқұрт, украин, славян, чуваш этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының құрама хорлары Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

Фото

8922

Фото

8923

Фото

8924

Фото

8925

Фото

8926

Фото

8927

Фото

8928

Фото

8929

Фото

8930

Фото

8931

Фото

8932

Фото

8933

Фото

8934

Фото

8935

Фото

8936