890524 ақпан күні Павлодарлық Достық үйінде Корей орталығы мүшелерінің Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэ Сикпен кездесуі өтті . Облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айнұр Мақсұтқызы Сәрсенбаева Достық Үйінің этномәдени бірлестіктері мен Ассамблея жұмысы туралы айтып берді.
Корей этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары Раиса Самсоновна Афанасьева орталық активімен таныстырып, қонақтармен корей этномәдени бірлестігінің қызметі мен жетістіктері туралы ақпаратпен бөлісті.
Кейін, мұражай жұмысы және кітапхана қоры бойынша маман Нұрахметова Жупар Жақсылыққызы қонақтарды мұражай тарихымен, әр халықтың тұрмыс заттарымен, тарихи экспонаттармен таныстырды.
Сондай-ақ, Ким Дэ Сик мырза тілектер кітабында өзінің пікірлері мен тамаша сөз-тілектерін қалдырды. Онда Қазақстан жерін мәдениеттер мен этностардың бірлігі мен алуан түрлілігімен танымал екенін атап өтті.

Фото

8905

Фото

8906

Фото

8907