887522 ақпанда Павлодар қаласы «Қоғамдық келісім» КММ «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында бұрын Қазақстанда тұрған, кеңестік және поляктың танымал әншісі Анна Германға арналған «Эхо любви, Павлодар» атты ән фестивалі өтті.
Фестиваль Анна Германның «Эхо любви» қазақстандық әншілердің қолдауымен өтеді және «Полония» Павлодар облыстық поляктар қоғамы мен «Польское Единство» Нұр-Сұлтан қ. Қоғамдық бірлестігінің бірлескен жобасы болып табылады.
Фестиваль директоры Ринат Дусумов және шараның құрметті қонағы, Польша Республикасының Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас консулы Юстина Дудар қатысты. Осы байқаудың жүлдегері қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық фестивальге шақырту алады.
Фестиваль аясында «Поляк әншісі Анна Германның өмірі мен шығармашылығы» атты шығармашылық конференция өтті, онда тарихи фотосуреттер көрмесі, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана, Н.Г.Шафер мұражай- үйінің, М.Цветаева мұражайының өкілдері дайындаған грампластинка тыңдалып, «Жарқыраған бейтаныс жұлдыз» атты деректі фильм көрсетілді.
Сондай-ақ, Қ.Даржұман атындағы ҰЖМ оқушылары мен Елордадан поляк филологиясының магистрі, А.Янушкевич атындағы поляк тілі кабинетінің кураторы Юстина Цалчыньска «Анна Германның әндеріндегі метафоралар» тақырыбына ашық сабақ өткізді.
Фестивалдің қорытынды кезеңі Павлодар, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Екібастұз қалаларының кәсіби және әуесқой әртістердің қатысуымен Гала-концерт өтті. Бас жүлдесіне "Бриз" вокалдық тобы ие болды.

Фото

8875

Фото

8876

Фото

8877

Фото

8878

Фото

8879

Фото

8880

Фото

8881