8821Аймақ басшысы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінің кездесуі Достық үйінде өтті.
Павлодар облысының әкімі мен өңірдің этномәдени бірлестіктерінің басшылары дастархан басында бейресми кездесу өткізді. Әбілқайыр Сқақов Ассамблеяның 25-жылдық мерейтойы атап өтілетін жылда облыстық этномәдени бірлестіктердің барлық бастамалары қолдау табатынын атап өтті.
– Біздің этномәдени бірлестіктердіің басшылары – туған өлкенің тарихына өшпес із қалдырған белгілі тұлғалар, – деді Палодар облысы ҚХА жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Идият Әбдіқалықов. – Олардың көбі жастарының ұлғайғанына қарамастан Достық үйінде қыруар жұмыс атқарып жүр. Олардың әрқайсысы туған өңіріміздің дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендігіне сенемін.
Аймақ басшысы облыстық этномәдени бірлестіктердің басшыларымен алдағы уақытта да кездесіп, өзекті мәселелерді бірлесіп талқылап тұруға уәде берді.

Pavlodar.gov.kz

Фото

8821

Фото

8822

Фото

8823

Фото

8824

Фото

8825

Фото

8826

Фото

8827

Фото

8828

Фото

8829

Фото

8830

Фото

8831