875220 желтоқсан күні «Қоғамдық келісім» КММ-де Павлодар қаласындағы мектеп оқушылары арасында «Батамен ел көгерер» байқауы өтті. Ұйымдастырушы – халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» Павлодар облыстық филиалы.
Ұлтымыздың баға жетпес құндылықтарының бірі- бата беру дәстүрін дәріптеу, жаңғырту, үлгі ету, оның тәлімдік, тәрбиелік маңызын және көркемдік дәрежесін арттыру арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, рухани тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеу, ел арасында бата берушілерді насихаттап, халық шығармашылығын дамыту.
Байқауы үш кезеңнен тұрды: өзін-өзі таныстыруы; алдын ала дайындап келген салт- дәстүрлер мен мерекелерге арнаған баталарын жатқа айтуы (шілдехана, бесікке салу, мүшел той т.б); билет алу арқылы ұлттық салт- дәстүрлерге арналған сұрақтарға жауап беру. Байқауға 11 оқушы қатысты.
«Батамен ел көгерер» байқауы қорытындысы бойынша 1 орынға № 22 мектеп 8 сынып оқушысы -Еркебұлан Төлеген (жетекшісі: Әбілғазина Қ.Ғ.); 2 орынға – №35 мектептің 11 сынып оқушысы Мұқаметжан Қазбеков (жетекшісі: Тәбікенова Қ.С.) және 3 орынға дарынды балаларға арналған Абай ат.№10 лицей-мектептің 11 сынып оқушысы Ілияс Машрапов (жетекшісі: Жұмадилова Ш.Т.) ие болды. Барлық қатысушылары диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Фото

8752

Фото

8753

Фото

8754

Фото

8755

Фото

8756

Фото

8757

Фото

8758