- Толығырақ
-
Жарияланды 12 Қараша 2019
12 қараша күні «Қоғамдық келісім» акт залында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры мен Павлодар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Туған жерім – Қазақстаным» атты поэзиялық шығармаларды көркемсөз оқу бойынша байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты - Қазақстандағы этнос өкілдерін еліміздің патриоты болуға баулу. Қатысушылар қазақ ақындарының ел мен жер, Отан тақырыбындағы патриоттық өлеңдерін мәнерлеп оқып, өзара бәсекеге түсті.
Қорытындысы бойынша, 1 орын - Семенова Александра; 2 орын - Онянов Тимур; 3 орын - Сейсекина Валерия ие болды.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото