86172 қараша күні "Эльпида" грек этномәдени бірлестігі 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтой аясында дөңгелек үстел және концерттік бағдарлама өтті. Бұл кездесу – жай ғана мерейтойлық оқиға емес, қалыптасқан дәстүрлерге үлкен құрметтің көрінісі, пікірлестердің белсенді өмірлік ұстанымының айғағы, туған өлке –лкені сүйетіндердің кездесуі.
Іс-шараға облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі - Айнұр Мақсұтқызы Сәрсенбаева, облыстық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, мемлекеттік органдардың өкілдері, "Қоғамдық келісім" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру метебінің мұғалімдері қатысты. Мерейтойға Алматы облысынан келген қонақтар да атсалысты. Олардың қатарында - Иорданиди Георгий Константинович, "Филия" Қазақстан гректер республикалық қауымдастығының президенті және Муратиди Константин Иванович, "Арго" грек қоғамының төрағасы.
- 20 жыл бұрын бірігіп, грек бірлестігіне "Эльпида" деген атауды бердік. Ол "Үміт" деген мағынаны білдіреді. Біз оның көмегімен көптеген жаңа достар табамыз және көп этникалық Қазақстан қоғамында лайықты орнымызды аламыз деп сендік. Біздің үмітіміз ақталды! "Эльпида" өздерін қызықты іс-шаралармен, әдемі шығармашылық ұжымдармен, талантты және патриоттық рухта тәрбиеленген жастарымен қазіргі таңда облысымызда танымал бірлестіктердің бірі, - деп атап өтті облыстық грек этномәдени бірлестігінің төрағасы Людмила Петровна Ифандопуло.
20 жылдық мерейтой құрметіне А.М. Сәрсенбаева, Г. К. Иорданиди, К. И. Мұратиди, этномәдени бірлестіктердің төрағалары құттықтау сөз сөйледі. Олар орталыққа үлкен табыстар тіледі, ал "Эльпиданың" белсенді қатысушылары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Дөңгелек үстел соңында "Маргаритарий" вокалдық ұжымының орындауында ән шырқалды. Салтанатты мерейтойдың соңында "Анагениси" хореографиялық ансамблі, "Маргаритари" вокалдық ұжымы, "Пулья" вокалдық ұжымы сынды грек бірлестігінің шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы өтті.

Фото

8617

Фото

8618

Фото

8619

Фото

8620

Фото

8621

Фото

8622

Фото

8623

Фото

8624

Фото

8625

Фото

8626

Фото

8627

Фото

8628

Фото

8629

Фото

8630

Фото

8631

Фото

8632

Фото

8633

Фото

8634

Фото

8635

Фото

8636