8406Іс-шараны Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы мен Алматы қаласының Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ұйымдастырды. Дөңгелек үстел барысында ғылыми институт өкілдері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың Ұлы есімдері» жобасы аясында әзірленіп жатқан Қазақстанның ұлы тұлғаларын ұлықтауға арналған саябақ-энциклопедиясы жобасымен таныстырды.
Ш. Уәлиханов ат. тарих және этнология институтының ғалым хатшысы Махаббат Қозыбаеваның айтуынша, аталмыш жоба түркі дәуірінен бастап, тәуелсіздік жылдарына дейін өмір сүрген ұлы тұлғаларымызды қамтиды.
- Былтыр қараша айында Елбасымыз Нұр-Сұлтан қаласында бірегей саябақ-энциклопедиясын ашуды тапсырған еді, - дейді Махаббат Қозыбаева. – Институтымыз осы жобаға қатысты мультимедиялық карта әзірлеп, ұлы есімдер тізімін жасақтаумен айналысуда. Қазіргі кезде оған 100 есім іріктеліп алынды. Дегенмен, бұл тізімге өзгерістер енуі әбден мүмкін.
Павлодар облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының төрайымы Сауле Мамытованың сөзінше, әзірше аталмыш тізімге өңірімізден Қаныш Сәтбаев, Мәшһүр Жүсіп, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әлкей Марғұлан, Бұқар жырау енген. Павлодарлық ғалымдар бұл тізімге қосымша Жүсіпбек Аймауытов, Григорий Потанин мен Дмитрий Багаевті енгізуді ұсынды.
Алматылық тарихшылар бұл ұсыныстарды қабыл алып, оларды болашақ саябақ-энциклопедиясына енгізу мүмкіндігін жан-жақты қарастыратынын айтты.

Айбек Жұматов
pavlodarnews.kz

Фото

8406

Фото

8407

Фото

8408

Фото

8409

Фото

8410

Фото

8411

Фото

8412

Фото

8413