8316Жуырда Павлодарда II «Summer k-pop star» байқауы   фестивалі өтті.Фестивальдің мақсаты – жастарды Оңтүстік Кореяның заманауи мәдениетімен таныстыру. K-поп мәдениеті XX ғасырдың соңында Оңтүстік Кореяда пайда болды. Бұл Батыс электропоптың, хип-хоптың, би музыка мен қазіргі ритм мен блюздің элементтерін қамтитын музыкалық жанр.Іс-шара «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылды.
Бұл фестиваль 2 жыл бойы өткізіліп келеді және оны өткізу дәстүрге айналды. Іс-шараны мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының қолдауымен "Қазақстан кәрістері қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы ұйымдастырды. Бұл шараның негізін қалаушылар - Қазақстан кәрістерінің жастар қозғалысының павлодарлық филиалы және Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясы.
Фестивальге «DOPE» би ансамбілі, «SMG» кавер- тобы, «I.C.U» кавер- тобы, «Cadence» кавер- тобы, «Y.T.D.» кавер- тобы, «Black Unicorns» би ансамбілі, «Flover Power» би тобы,  «Хедон» би тобы, «Eclipse» тобы қатысты.
Фестиваль соңында, аймақтың жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрайымы Р.Смайлов және таеквандо спорт мектебінің директоры Ким Сонг Су  барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етті.

Фото

8316

Фото

8317

Фото

8318

Фото

8319

Фото

8320

Фото

8321

Фото

8322

Фото

8323

Фото

8324

Фото

8325