8265Жуырда ҚХА паркінде «Бір шаңырақ астында» атты жылсайынғы этникалық мәдениеттер фестивалі аясында шешен-ингуш халқының мәдениеті күні өтті. Іс-шара Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен және «Халкъан Барт» облыстық шешен-ингуш этномәдени орталығымен ұйымдастырылды.

Халкъан Барт» облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігі 1995 жылы құрылған болатын. Бірлестікке қатысу арқылы тарихи отанынан алыста жүрген шешендер мен ингуштарға салт-дәстүрлері мен мәдениетін, тілі мен дәстүрлерін жаңғыртуға, елдегі бейбітшілік пен бірлікті дамытуға, мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қазақстандық патриотизмді дамытуға зор мүмкіндіктерге қол жеткізіп отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша бірлестіктің басты мақсаты шешен-ингуш халқының игі дәстүрлерін бойына сіңірген ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Бұл міндеттерді іске асыруда облыстық Достық үйінде орналасқан Қанат Болатұлы Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің маңызы ерекше зор. Мұнда балалар өз халқының тілін, сал-дәстүрлері мен мәдениетін үйреніп қана қоймай, бір-бірімен дос болуға, бейбітшілікте өмір сүруге, бір-бірінің жетістіктеріне бірге қуануға үйренеді. Әндер мен билерді үйрене отыра балалар вайнах халқының мәдениетімен танысады. Ал олардың сахына төріндегі орындаулары әрқашан ерекше әсерлі болып табылады. Қазіргі таңда олар біліп үйренгендерін мектеп, қала, облыс деңгейлерінде өтетін көптеген  мерекелік бағдарламалар аясында жұртшылыққа паш ету мүмкіндігіне ие болып отыр.

Бұл күні мерекелік бағдарламаға бірлестік құрамындағы көптеген шығармашылық ұжымдарының әсерлі орындаулары енді. Жиналған қауым назарына «Илли» вокалдық ұжымының, «Ловзар», «Даймохк», «Башлам» би ансамбілдерінің және «Фирдаус» дуэтінің әдемі әндері мен мың бұралған билері ұсынылды.

Өз сөзінде орталықтың төрағасы Абдурашид Мумади барлық жиналған қауымды және бірлестіктің қатысушыларын шешен-ингуш мәдениеті күнімен құттықтап, бейбіт өмір мен ашық аспан тіледі. Шығармашылық ұжымдардың ең белсенді қатысушылары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, Абдурашид Мумади шығармашылық ұжымдардың көркемдік жетекшісі, ұлттық жаңғыру мектебінің шешен-ингуш бөлімінің оқытушысы Макитова Алимаға көпжылдық жемісті еңбегі үшін жиналған жұртшылықтың алдында ерекше ризашылығын білдіріп, облыстық ҚХА хатшылығы атынан дайындалған алғыс хатты табыстап, алдағы уақытта да үлкен шығармашылық табыстар тіледі.

Фото

8265

Фото

8266

Фото

8267

Фото

8268

Фото

8269

Фото

8270

Фото

8271

Фото

8272

Фото

8273

Фото

8274