- Толығырақ
-
Жарияланды 11 Тамыз 2019
Павлодардағы Қазақстан халқы Ассамблеясы паркінде Құрбан айт мерекесіне орай үлкен мерекелік іс-шара өтті. Мұнда көптеген қайырымдылық жәрмеңкелері, спорттық іс-шаралар, бүлдіршіндерге арналған көңілді ойындар өтті. Ал қалалық мешіттер ұйымдасып, барлық жиналған қауымға арнап 20 қазан палау дайындап дәм татырды. Жұртшылыққа арналған мерекелік мәзірді дайындауға жергелікті Ассамблея мүшелері де белсенді атсалысты.
Шара басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысындағы өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы мерекемен құттықтап өтті.
- Бізді жаратқан Аллаға сансыз мақтаулар болсын! Міне еліміз аман, жұртымыз тыныш, қасиетті екі мейрамымыздың бірін тойлаудамыз, - деді бас имам. - Ислам діні адамдарды жақсылыққа шақырады. Мұсылман адам мұқтаж жанды көрсе қол ұшын созады. Ол адамның діні басқа ма, ұлты басқа ма, жақсы ма, жаман ба қарамайды. Сондықтан шалған құрбандығының бір бөлігін өзіне, екіншісін жақындарына, үшіншісін мұқтаж жандарға береді. Баршаңызды айтулы мейраммен құттықтаймын. Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Бас имамның айтуынша, Павлодар өңірінде Құрбан айт мерекесі жылдан жылға кеңінен атап өтіліп келе жатыр.
- Бұл мереке – халқымызды ауызбіршілікке, ынтымаққа ұйысуға, жақсылыққа шақыратын, иманымызды көтеретін мереке. Бүгін саябағымызда мерекелік шаралар ұйымдастырып, жастарымызды тура жолға, жақсы істерге бастау мақсатында өткізіп жатырмыз. Жұртымызда бірлік, береке болса, еліміздің мерейі жоғары болады, -деді Жолдас Қоспақұлы.
Сондай ақ, «Құлагер» ипподромында малды сатып құрбандыққа шалуға арнайы ұйымдастырылған орында 200-ден астам адам еттің бір бөлігін мұқтаж адамдарға таратты. Қайырымдылық іс-шарасына қала тұрғындарымен қатар ауылдардан келген азаматтар да атсалысты. 150-ден астап павлодарлық «Жомарт адамдар клубына» хабарасып, олардан көмекке мұқтаж адамдардың мекен-жайларын алып оралға көмек көрсетті. Сонымен қатар, Павлодар қалалық әлеуметтік қорғау бөлімінен 70 отбасының мекен-жайлары алынды деп бөлісті белсенділер. Қайырымдылық жасауға ассыққан жомарт жандардың тарапынан әлі де қоңыраулар түсуде.
Үш күн жалғасқан құрбан айт бүгін аяқталады. Бұл мереке кезінде кешкі намазға дейін құрбандықшалуға болады. Құрбандыққа әдетті қой, сыйыр, немесе түйе шалынады. Малдың еті үшке бөлінеді, оның бір бөлігін құрбандық шалған адам өзіне қалтырады, ал қалған екі бөлігі көмекке мұқтаж адамдарға, көршілер мен туған-туыстарға таратылады.
Фото
Фото