81782019 жылғы 28 маусым күні Павлодар қаласының Достық үйінде Достық үйлері мен «Қоғамдық келісім» КММ директорларының әдістемелік кеңесінің отырысы өтті.
Әдістемелік кеңестің ұйымдастырушылары: Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ және Павлодар облысының әкімдігі.
Іс-шарасына 50-ден астам адам қатысты, оның ішінде: Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Раздықұлы Оралов, ҚХА хатшылықтарының меңгерушілері, өңірлердің «Қоғамдық келісім» КММ басшылары, Павлодар облысының этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен активі.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды: «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасын іске асыру барысы туралы»; «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңын іске асыру аясында «Қоғамдық келісім» КММ қызметі туралы.
Бағдарламада тәжірибе алмасуға ерекше орын бөлінген. Әдістемелік кеңес отырысы аясында, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ «Әдістемелік сағат» өткізілді, оның барысында Павлодар қаласының Достық үйінің жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ неміс мәдениетінің фестиваліне  қатысу ұсынылды.

Фото

8178

Фото

8179

Фото

8180

Фото

8181

Фото

8182

Фото

8183

Фото

8184

Фото

8185

Фото

8186

Фото

8187

Фото

8188

Фото

8189

Фото

8190

Фото

8191

Фото

8192