812115 маусым күні «Бір шаңырақ астында» атты жазғы фестивалі аясында Павлодарда болгар мәдениеті күні аталып өтті. Республикамызда тұрып жатқан болгарлар әрбір мерекеде біздің ортақ үйіміз Қазақстанға деген сүйіспеншілігін көрсетеді және Отанымыздың тәуелсіздігін мақтан тұтады.
Осы жазғы фестивалі шеңберінде, «Славяне» болгар этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдары және Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары болгар халқының билері мен әндерін орындады.
Болгарлардың көптеген мерекелері дәстүрлі түрде еңбек қызметімен – егін шаруашылығымен және мал шаруашылықтарымен байланысты: 1 қаңтар – Жаңа жыл, көктемнің алғашқы күні – 1 наурыз – Баба марта, 3 наурыз – Осман әмірлігінен босаған күні, Ұлы күн – Пасха, 24 мамыр – Славян жазуы мен мәдениеті күні, 21 мамыр – раушандар күні, 1 қараша – халықтық оятушылар күні,  24 желтоқсан – Рождество Христово.Сондай-ақ, болгарлардың көптеген дәстүрлері табиғатпен байланысты.
Іс- шара соңында, «Славяне» болгар этномәдени бірлестігінің төрағасы Валентина Шатова осы жазғы мерекесімен барша қауымды құттықтады. Өз сөзінде, ол этномәдени бірлестігінің табыстары туралы айтты.

Фото

8121

Фото

8122

Фото

8123

Фото

8124

Фото

8125

Фото

8126

Фото

8127