- Толығырақ
-
Жарияланды 14 Маусым 2019
Ағымдағы жылдың 14 маусымында «Ата-бабалар жолымен» жобасын іске асыру мақсатында Павлодар облысының «НҰР АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің белсенділері «Жас ұрпақ» үйінің тәрбиеленушілеріне арнап ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында, ұлттық тағамдар бауырсақ, самса дайындау, фетрдан ою, қазақстың ұлттық оюларын нақышына келтіріп дайындауды үйретті.
Іс- шараның ұйымдастырушылары: облыс Қазақстан халқы ассамблеясы, «Жас ұрпақ» жасөспірімдер үйі. Шарасы қазақ халқының ұлттық тағамдарын, салт-дәстүрін насихаттау, халық қол өнеріне баулу, рухани- адамгершілік құндылықтарды жастардың бойына сіңіре отырып, қоғамдағы өз орнын табуға, жеке басының дамуына, бойындағы таланттарын ашуға көмектесу, үлкендерді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау, ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өтті.
Шеберлік сағаты халық әндерімен, салт-дәстүр сағаттарымен сүйемелденеді, ақ әжелер қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан дәстүрлері туралы әңгімеледі.
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото