80662 маусым күні «Бір шаңырақ астында» жазғы фестивалі аясында, чуваш мәдениетінің күні қалалық мәдени демалыс саябағында тойланды. Сахна төрінде әннен шашу шашылып, іс-шара конақтарына мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Фестиваль қонақтары мен көрермендерін чуваш этномәдени бірлестігінің төрағасы Елена Ивановна Софронова мерекесімен құттықтады. Этомәдени бірлестіктің мүшелеріне ізгі тілектер айтылды.
Жиналған қауымның чуваш мерекесіне артқан үміті ақталды. «Сеспель» вокалдық ансамблінің орындауындағы әндер көрерменнің көңілінен шықты. Ансамбль қатысушылары бейбітшілік, отан туралы әндер айтып, мереке қонақтарын чуваш халық әндерімен, салт-дәстүлерімен таныстырды.
Чуваш халқы тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға өте бай. Ең сүйікті мерекелерінің бірі – «Акатуй». «Акатуй» - чуваш көктемгі егістік мерекесі.
Осы мерекесі арқасында павлодарлықтар чуваш халқының мәдениетімен, әндерімен және салт-дәстүрлерімен танысты.

Фото

8066

Фото

8067

Фото

8068

Фото

8069

Фото

8070

Фото

8071

Фото

8072

Фото

8073

Фото

8074

Фото

8075

Фото

8076

Фото

8077

Фото

8078

Фото

8079