8029Тарихи деректерге сүйенсек, Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген. Сол жылдары Қазақстанның ғылым, мәдениет және саясат саласындағы зиялы қауым өкілдерінің арасынан жүректері елім деп соққан асыл азаматтардан айырылдық.
- Ертіс өңірінен шыққан атақты интеллегенция өкілдері Жүсіпбек Аймауытов, Павел Васильев, Ермұхан Бекмаханов, Жұмат Шанин респрессия құрбандары болды, - деп атап өтті шара барысында облыс әкімі Болат Бақауов. - 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы ҚР Заңы қабылданды. 1997 жылдан бастап 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып ресми түрде бекітілген. Жазықсыз жапа шегіп, еліміздің егемендігі жолында құрбан болған азаматтардың рухына тағзым - тарихқа деген құрметтің белгісі. Репрессия кезінде жазықсыз құрбан болған боздақтардың есімдері біздің есімізде мәңгі сақталады. Оларды ешқашан ұмытпаймыз. Бұл - біздің қасиетті борышымыз.
Кезінде репрессиялық жазалауға ұшыраған отбасының баласы, шешен-ингуш этномәдени берлістігінің төрағасы Юсуф Мирзоев зұлмат жылдары пана болған қазақ халқына деген ризашылығы зор екенін жеткізді. - Қазақ ұлтының кең пейілдігі мен мейірімділігінің арқасында біз аман қалдық, - деді Юсуф Мирзоев. - Олар өздері аш қалғанына қарамастан, дастархандағы асымен бөлісті. 23 ақпан біздің халық үшін өте қайғылы күн. 97 жылы да шешен соғысында қаншама адамды бауырына басты. Осындай сәттер жадымыздан кетпейді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы ПМУ қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айман Зейнуллина ұлы қазақ даласында талай тарихи оқиғалар болғанына тоқталды. - Қазақ халқының рухы ешқашан құлаған емес, - деді профессор. – Міне, ХХІ ғасырда бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Әрине, тарихты ұмытуға болмайды. Шын мәнінде әрбір қазақтың отбасында туған-туыстары зұлматты көрді. Ең үлкен трагедия - қазақ зиялыларының құртылуы. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов, сөз зергері Жүсіпбек Аймауытов, өнердің атасы болып есептелген Жұмат Шанин сияқты зиялыларымыз құртылып, отбасылары қуғын-сүргінге ұшырады. Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылығын зерттеген кезде Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнәр Дулатова және Сәкен Сейфуллиннің қарындасы Фатима Сейфуллинамен үзеңгілес жүріп, адам шошырлық, жүрек ауыратындай құжаттарды көрдік. Өкініштісі, көп дүние әлі жазылып, айтылып жатқан жоқ. Сондықтан бүгінгі ұрпаққа өткен тарихты ашық айтып жүру керекпіз.

 

Ақбота Сейсенбаева
pavlodarnews.kz

Фото

8029

Фото

8030

Фото

8031

Фото

8032

Фото

8033

Фото

8034

Фото

8035