8014Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы өткізген шара көрермен назарына ұсынылған Түркі жазуларының тарихы туралы деректі фильммен басталып, обыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің және университет өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Басқарма басшысының орынбасары Гүлсара Кокина 2014 жылдан бастап 18 мамыр – Түркі тілдес халықтарының жазбалары күні болып бекітілгенін атап өтті.
-    Қазақстан – көп ұлтты бауырына басқан киелі мекен, - деді Гүлсара Кокина. – Солардың ішінде өзге этнос өкілдерімен қатар діні мен тілі бір түркі тілдес ұлттар да бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүруде. Олармен ең бірінші қазақ халқын тығыз байланыстыратын дүние ‒ Көне Түркі жазба ескерткіштері болып табылады. Сондықтан баршаңызды елеулі күнмен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі шарамыздың басты мақсаты – ұлттар татулығын нығайту мен түркі тілінің абыройын асқақтату.
Сондай-ақ шара барысында барлық түркі тілдерінің тарихына және қазақ тілі білімі мен теориясына қатысты еңбектердің көрмесі қойылды. Сонымен қатар, концерттік бағдарламада мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп жүрген «Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының бас редакторы Асыл Әбіш пен ақын, ардагер журналист, «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі Шолпан Байғалы және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді өкілдері марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, концерттік бағдарламаны этномәдени бірлестіктерінің басшылары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен студенттері, қазақ-түрік лицейінің тәрбиеленушілері, мәдениет және білім беру саласы мен зиялы қауым өкілдерінен 300-ге жуық адам тамашалады.

 

Оразбек Саяхат
pavlodarnews.kz

Фото

8014

Фото

8015

Фото

8016

Фото

8017

Фото

8018

Фото

8019

Фото

8020

Фото

8021

Фото

8022

Фото

8023

Фото

8024

Фото

8025

Фото

8026

Фото

8027

Фото

8028