797317 мамыр күні «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жастарға арналған семинар-тренингі өтті. Кездесуге облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ана кеңесінің мүшелері, тіркеу кеңсесінің өкілдері, жастары, Қ.Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің оқытушылары және колледж студенттері қатысты.
- Бүгінгі таңда отбасы құндылықтарын құрметтеу, неке мен отбасы институтын, сонымен қатар қоғамдағы әйел адамдардың ролін айқындау, имандылықты және адамгершілікті насихаттауға  негізделген. Бүгінде демографиялық саясаттың әуелгі факторы ретінде отбасылық құндылықтарды халық санасына сіңіру – мемлекеттің басты міндеттері болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік саясаты қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау арқылы өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу мәселелеріне зор назар аударады. Отбасы- әрқашан да рухани және мәдениетті сақтаушы, ұрпақ өсіруші, шағын мемлекет саналады. Отбасы күнін мерекелеу адамгершілік, рухани, біздің  қоғамда ерлі-зайыптылардың өзара жауапкершілігін түсінуге көмектеседі. Отанға деген махаббат отбасынан басталады. Туған шаңырағыңда алған тәрбие-бұл жалпы біздің денсаулығымыз бен келешегіміздің кепілі,- өз сөзінде аналар кеңесінің төрағасы Бақытжамал Шаханқызы Максилова айтты.
Семинар кезінде, медиация орталығының басшысы, фин- угор этномәдени бірлестігінің   төрағасы Ольга Леонидовна Николашина және «Айреник» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Петросян Эльмира Бениковна өз создерінде отбасылық маңызы және  құндылықтары туралы айтты.
Содан кейін қатысушылар күнделікті өмірде кездесетін мәселелер мен проблемаларды талқылады. Соңында жалпы пікір алмасу болды.

Фото

7973

Фото

7974

Фото

7975

Фото

7976

Фото

7977