7883

Павлодардың «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVII сессиясының қорытындылары талқыланды.
Кездесугеөңіріміздіңэтномәденибірлестіктеріқоғамдықжәнежастарұйымдарыөкілдеріқатысты.
Отырысты ашқан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Сейсембай Жетпісбаев Нұр-Сұлтан қаласында өткен сессияның маңыздылығынатап өтті.

- Бұл сессия тарихи маңызға ие болды, - дейді Сейсембай Жетпісбаев. – Өйткені, сессияға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Жиын «Татулық пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғыру» күн тәртібі бойынша өтті. Елбасы өз баяндамасында Ассамблеяның Қазақстанның дамуындағы ерекше рөлін атап өтті.
Сонымен бірге, Сейсембай Жетпісбаев өз сөзінде жиылғандарды таяуда өткен Қазақстан халқының бірлігі күнін өткізуге атсалысқан этномәдени бірлестіктерінің басшыларына алғысын білдіріп, еңбектеріне сәттілік тіледі.
Нұр-Сұлтандағы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясының тағы бір делегаты «Т. Шевченко атындағы украин мәдениетінің серіктестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Михаил Парипса да бұл айтулы оқиғадан алған әсерлерімен бөлісті.
- Сессияда сөйлегендердің көбісі жастар болғаны қуантты, - дейді Михаил Парипса. – Бұл кездейсоқтық емес, өйткені, Елбасы биылғы жылды Жастар жылы деп жариялады. Барлық баяндамаларды тыңдап болған мен мынандай қорытындыға келдім – қазақ тілінің оқулықтарын ашып, қазақша үйрену керек.
Михаил Парипсаның айтуынша, өткен жылдары қазақша сөйлеген баяндамашылардың көпшілігі жергілікті ұлт өкілдері болса, биылғы сессияда сөйлеген түрлі ұлт өкілдерінің барлығы мемлекеттік тілде еркін сайрап тұрды.

Айбек Жұматов
Рavlodarnews.kz

Фото

7883

Фото

7884

Фото

7885

Фото

7886

Фото

7887

Фото

7888

Фото

7889

Фото

7890