7874

Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ұлттық нақыштар» атты көрме жұмыс істейді.
- Бұл Қанат Даржұманов атындағы ұлттық жаңғыру мектебі және көркемсурет мектебімен бірлескен жоба, - дейді этнография және жалпы тарих тарих бөлімінің басшысы Шолпан Абыкешова. – Бұл балалар түрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Көрмеге 85 оқушы қатысқан. Оның ішінде ерекше әсем костюмдер мен  көзге түскен   «Бельканто»  ансамблін атап өтуге болады.  Мұндағы басты мақсат - өткен тарих пен салт-дәстүрге сүйене отырып, жастарды шығармашылық  әлеуетін дамыту, облыста тұратын тұрғындардың ұлттық киімдері және әшекей-бұйымдарымен таныстыру.
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына 100-ден  астам экспонат  қойылған. Оның ішінде әртүрлі ұлттың бас киімдері, әшекей бұйымдары.
Ертіс өңірінде тұратын 18 этнос өкілінің киімдері, «Ер Төстік» «Алдар Көсе» сияқты ертегі кейіпкерлерінің киімдері ұсынылған. Жұмыстарды орындау барысында папье-маше, коллаж, текстиль, полимер сазы, киіз, живопись, фэлтинг және аралас техника қолданылған.  

Роза Мұстафина
pavlodarnews.kz

Фото

7874

Фото

7875

Фото

7876

Фото

7877

Фото

7878

Фото

7879

Фото

7880

Фото

7881