7843Конституция алаңында облыс әкімі Болат Бақауов партиотизмге тәрбиелеуге, өңірде қоғамдық келісім мен тұрақтылықты дамытуға және мәдени мұраны сақтауға қосқан үлестері үшін этномәдени бірлестіктерге 500 мың теңгеден гранттар табыстады.
Мерекелік шараға жиналған қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мейраммен құттықтаған аймақ басшысы биылғы жылы грант көлемі өскенін атап өтті.
- Бүгін қазақстандықтар үшін ерекше мереке, - деді Болат Бақауов. - Біздің мемлекет түрлі этникалық топтар мен ұлттар бейбіт өмір сүретін көп ұлтты үй. Сондықтан осындай күнде жылы қарым-қатынасты көрсету маңызды. Тәуелсіздіктің арқасында тағдыры мен тарихы ортақ елге айналдық. Татулық пен бірлік ешқашан назардан тыс қалған емес. Қазақстан бүкіл әлемге бейбіт сүйгіш саясатын көрсетіп, тұрақтылық пен сенімділік жолында дамып келеді. Қоғам бірлігін нығайтуға ықпал ететін бірегей қоғамдық келісім моделін қалыпастырды. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық өзара тиімді институтқа айналған. Біртұтас ел болу - Қазақстанның басты мұраты. Қазақстандық патритоизмді қолдауға, этникааралық қарым-қатынасты нығайтуға әрдайым дайынбыз.
Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өту аясында  қаланың этномәдени бірлестіктері мен жастарының қатысуымен «Бір ел, бір болашақ, бір мүдде!» атты театрланған көрініс ұсынылды.
Мерекеге келген қала тұрғындарының бірі Рәзия Мұхамедиянова Қазақстанда туып-өскенін айтады. - Қазақстан қаншама халық үшін мейірімі мен шуағына бөлеген жылы ұя тәрізді, - дейді ол. – Жолдасым Рамильді жолықтырдым. Осы жерде біздің балаларымыз дүниеге келді, жоғары білім алды, отбасын құрды. Қаншама қуанышқа толы сәттерді өткіздік. Біз бейбіт күнде өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақпыз. Жыл сайын 1 Мамырда алаңға келеміз.
«Радуга культур» этномәдени бірлестіктердің қолданбалы шығармашылық және ұлттық өнер, «Бірлік лентасы» балалар суреттерінің көрмелері, «Балдырғандар әлемі» балалар концерттік-ойын бағдарламасы ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, «Sport life» мерекелік спорттық турнирлер, «Өнерлі Jastar» музыкалық би алаңы жұмыс істеді. «Ұлттық татулық» этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.

Ақбота Сейсенбаева
www.pavlodarnews.kz

Фото

7843

Фото

7844

Фото

7845

Фото

7846

Фото

7847

Фото

7848

Фото

7849

Фото

7850

Фото

7851

Фото

7852

Фото

7853

Фото

7854

Фото

7855

Фото

7856

Фото

7857

Фото

7858

Фото

7859

Фото

7860

Фото

7861

Фото

7862

Фото

7863

Фото

7863

Фото

7863

Фото

7864

Фото

7865

Фото

7866