7566

Наурыз мейрамын тойлау күні облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Ерулік» дәстүрін өткізді.
Қазақ -  қонақ келсе, ішкен асын жерге қойып, қонағын күтуге кірісіп кететін қонақжай халық. Ерулік - дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсітпеуді де көздейді.
Облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Қалижанұлы Жетпысбаевтың айтуынша, осы жылы ерулікке екі жас отбасы шақырылды. Олар Қытай мен Монғолия елдерінен қоңыс аударған Қадыр Қажет пен Манжар Бауыржанның отбасылары. Қонақтарды «Нұр- Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері дәстүрлі шашу және әсем әндерімен қарсы алды. Содан кейін қонақтарды жайылған дастарханға шақырды.
Жиынның сонында, аймақтық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Жетпысбаев отағалары - Қажет пен Бауыржанға домбыра мен қамшыны сыйға тартты, ал «Нұр-Ана әлемі» ҚБ төрағасы Бақытжамал Максилова отаналарына ақ орамал тақты. 

Фото

7562

Фото

7563

Фото

7564

Фото

7565

Фото

7566

Фото

7567

Фото

7568

Фото

7569

Фото

7570

Фото

7571

Фото

7572