- Толығырақ
-
Жарияланды 03 Наурыз 2019
Алғыс күні аясында «Эльбрус» қарашай-черкес және қабарда-балқар этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдары мен «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің апалары Ақсу қаласына концерттік бағдарламамен шықты. Іс-шара Сабит Дөнентаев атындағы Мәдениет сарайында өтті. Қала тұрғындары әртістерді толық залмен қарсы алды. Шара кезінде кавказ халқының қызықты билері мен домбыраның әсерлі дыбысы көрермендердің көңілінен шықты.
Шығармашылық концерт дәстүрлі шашумен басталды. Содан кейін «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжамал Шаханқызы Максилова барлық қатысушыларды Алғыс айту күнімен құттықтады.Дәстүрге сәйкес, зор құрметтің белгісі ретінде Бақытжамал Шаханқызы Байрамқұлова Мариям Альботовнаға (қарашай-черкес және қабарда- балқар этномәдени бірлестігінің төрағасы) ақ орамалды сыйға тартты.
Салтанатты іс-шараның соңында Ақсу қаласының әкімінің орынбасары Қаппасов Балтабай Мәданайұлы этномәдени бірлестіктердің төрағаларына (Б.Ш.Максиловаға ОО «Нұр-Ана әлемі», М.А.Байрамкуловаға карашай-черкес және қабарда-балқар ЭМБ, О.Л.Николашинаға фин- угор орталығы) алғыс хаттар мен раушан гүл шоқтарын табыс етті.
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото