7461Павлодар қаласы әкімдігі мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Наурыз мейрамын мерекелеу шеңберінде үздік қазақ ұлттық костюмі қалалық конкурсы өткізіледі.
Қалалық әкімдік баспасөз қызметі хабарлағандай, конкурсқа кез келген қала тұрғыны қатыса алады.
- Байқаудың мақсаты - Қазақстандық патриотизмді, ұлттық әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерге деген құрмет көрсетуді тәрбиелеу, - деп хабарлайды әкімдік баспасөз қызметі. - Қатысушылар қазақ ұлттық костюмдерін «Үздік әйел киімі», «Үздік ер адам киімі», «Үздік бала киімі» секілді аталымдар бойынша ұсына алады. Конкурстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы әр аталымда Гран-при, I, II, III дәрежелі дипломдармен анықтайды.
Сонымен бірге, жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етіледі.
Конкурсқа қатысу өтінімі 2019 жылғы 19 наурыз күні сағат 12.00-ге дейін «Колос» БМОСО-да қабылданады. Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мекенжайы: Павлодар қаласы, Астана көшесі, 156, телефондар: 61-82-08, 61-82-10, 87058666479; Эл.пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Фото: ашық дереккөздерден
pavlodarnews.kz

Фото

7461

Фото

7462