7388

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде шешен, ингуш, Қрым татарлары, қарашай және өзге халықтарды күштеп жер аударуын еске алуға арналған «Депортация: как не стереть память истории» атты дөңгелек үстел өтті.

Университет жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының базасында өткен шараға «Халкьян барт» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары Шамиль Джабраилов, бірлестіктің белсенді мүшесі Ибрагим Евлоев, сонымен қатар, тарихи кезеңнің куәгері болған Тайсун Альтемиров қатысты.

Шара барысында жиналған қауым тарихтың ақтаңдақ беттерін еске салып, тарихи тұрғыдан бағасын берді.

ХХ ғасырда болған депортацияның тарихтағы ізі өшпес. Бұл кезеңде Қазақ жері мыңдаған азаматты бауырына басып, қабылдап алды.

Тайсун Альтемиров ингуш халқының Орта Азияға депортациялануы туралы сөз өрбітті.

Жиын соңында жиналғандар Қазақстан мультимәдени ел бола тұра, көптеген ұлттардың басын бір арнаға тоғыстырып, тату-тәтті өмір сүріп жатқанын тілге тиек етті. Ұлтаралық ашық диалог көптеген саяси, әлеуметтік мәселелерді шешуге жол ашады.

psu.kz

Фото

7388

Фото

7389