7218

«Жас Отан» жастар қанаты Павлодар облыстық филиалы жас дизайнерлермен бірге Жастар жылы аясында «KerbezZ» заманауи ұлттық киімдер желісін іске қосуды жоспарланып отыр.
- Мұндағы басты мақсат - ұлттық киім-кешекті қазіргі заманғы өмір жағдайына бейімдеу. Қазақ киімін кию үшін арнайы күнді күтудің қажеті жоқ. Шара соңында қонақтардың өздеріне ұнаған киімдерді сатып алуы үшін аукцион өткізіледі. Жиналған қаражат «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде жағдайы төмен отбасыға беріледі, - дейді «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының жетекшісі Санира Жусупова.
Іс-шара соңында аукцион ұйымдастыру жоспарланған. Барлық қатысушылар көрмеде көрсетілген әсем киімді сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Ал аукционнан түскен пайда партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында қйын жағдайға ұшыраған, көммекке мұқтаж жанұяларға үйлестірілетін болады.
Көрсетілім 2019 жылы 24 қаңтар күні сағат 16:00-де Павлодар қаласы, Кривенко көшесі 25 «а» мекенжайында орналасқан «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының ғимаратында өтеді.

www.pavlodarnews.kz

Фото

7218

Фото

7219